«Алатаудай асқақ, Сарыарқадай дархан» арнайы тележобасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алатаудай асқақ, Сарыарқадай дархан» арнайы тележобасын көріңіз

01.04.2015
«Алатаудай асқақ, Сарыарқадай дархан» арнайы тележобасын көріңіз

Нұрғиса Тілендиев бойындағы  бар қабілет, дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, сырласы да, мұңдасы да бола білді. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани серігіне айналды. Ол атақ іздеген жоқ, атақ оны іздеп тапты.

Жамбыл Жабаев: «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар».

Дінмұхамед Қонаев та дара тұлғаның өнеріне тәнті болып: «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі ғой. Ол біздің жан-дүниемізді байытып, әсіресе, ұлттық сана-салтымызға баулитын сиқырлы күш. Мен Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тыңдаған сайын осындай ойға қаламын»,-деген.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 18.10-да «Алатаудай асқақ, Сарыарқадай дархан» арнайы тележобасын тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу