Бүгін - Халықаралық астрономия күні
Бүгін - Халықаралық астрономия күні. Бұл күнді атап өту 1973 жылы АҚШ-тан бастау алған. Астрономия күнін бекіту туралы ойдың бастамашысы - америкалық астроном Дуг Бергер.
Астрономия ғылымының жанкүйерлері осы уақыттан бастап «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» ұранының айналасына бірікті. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхиты астрономиялық қоғамы, Халықаралық планетарийлер одағы басқарады.
Ал, Халықаралық астрономиялық одақ 1919 жылы Бельгияда құрылған. Оның құрамына 60 ұлттық академия кіреді және 10 мыңнан астам адам мүшелік етеді.
Астрономия күнін атап өту мерзімі сәуір айының ортасы мен мамыр айының орта тұсына дейінгі уақытта жыл сайын ауысып отырады. Әдетте сенбі күні, Ай орталанған тұста тойланады.
Ал, қыркүйек айының ортасынан қазан айының ортасы – астрономиялық апталық мерзімі.
Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, дәрістер оқиды. Көпшілік жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05