Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

10.05.2014
Қырғыз үкіметі отставкаға кетті
Қырғыз Республикасының  президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды «Азаттық». 18 наурызда «Ата-Мекен» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығатындарын мәлімдеген.
 
Заң бойынша, 2012 жылдың қыркүйегінен бері премьер-министр қызметінде болған Жантөрө Сатыбалдиев пен оның үкіметі отставкаға кетуі тиіс.  

«Ата-Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиев туралы «былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады» деген.
 
Сонымен қатар, «Ата-Мекен» партиясы үкімет басшысын «Қырғыз Республикасы өз үлесін арттыруды көздеп, «Құмтөр» алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады» деп те айыптаған.

Таратылған үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанша қызметін жалғастыра береді.
 

Хабарламаларға жазылу