Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

21.01.2020
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Өзбекстан үкіметі толық құрамда елдің жаңа Олий Мажлисі (парламент) алдында өз өкілдігін тоқтатты.

Атап айтқанда, парламенттің төменгі заң шығару палатасының бірінші отырысының қорытындысы бойынша Өзбекстан үкіметінің өз өкілдігін тоқтатыны туралы өтініші қабылданды. Мұндай өтініш Сенатқа да түскен еді, ол қанағаттандырылды. 

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес, Өзбекстанның министрлер кабинеті жаңа сайланған Олий Мажлиске өкілдігін тоқтатыны туралы өтініш білдірді. Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисінің заң шығарушы палатасы сәйкес қаулыны қабылдады», - деп атап өтті парламенттің баспасөз қызметінен. 

Баспасөз қызметі конституцияға сәйкес, үкімет кабминнің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз жұмысын жалғастыратынын нақтылады. Сонымен қатар, парламент 21 қаңтарда өтетін екі палатаның бірлескен отырысында жаңа премьердің кандидатурасын қарайды, деп хабарлады заң шығару палатасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Өзбекстан конституциясына сәйкес, премьердің кандидатурасын парламенттің заң шығарушы (төменгі) палатасында ең көп депутаттық орын жинаған партия ұсынады. 2019 жылдың 22 желтоқсанында болған сайлау қорытындысы бойынша Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы ең көп орын - 53 депутаттық орын алды.

inform.kz


Хабарламаларға жазылу