Ресей Үкіметі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Үкіметі отставкаға кетті

16.01.2020

Ел Президенті Владимир Путин Федаралды жиынға арнаған жолдауында Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынды. Оған сәйкес, Премьер министр кандидатурасын тағайындауды және Үкіметті жасақтауды Мемлекеттік Думаға сеніп тапсыратынын жеткізді. Өз кезегінде ел Президенті Мемлекеттік Дума ұсынған үміткерлерге қарсылық бідіре алмайды. Сондай-ақ, жаңа өзгеріске сәйкес екі азаматтығы не шетелде тұруға рұқсаты бар адамның жоғары лауазымға сайлануына және президенттікке үміткер болуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, Конституцияның «бір адам екі рет қатарынан президент болып сайлана алмайды» деген тұсындағы «қатарынан» деген сөзді алып тастау да ұсынылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу