Моңғолия үкіметі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолия үкіметі отставкаға кетті

21.01.2021

Моңғолия премьер-министрі бастаған үкімет мүшелері халық наразылығынан кейін отставкаға кетті. Оған жаңа босанған әйелдің перзентханадан инфекциялық ауруханаға көшірілуі себеп болды. Дәрігерлер әйелдің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған соң осындай шешім қабылдаған. Жедел жәрдем машинасымен тасымалданған ана мен балаға жылы киім, қорғаныш заттары, тіпті аяқ киім де берілмеген. Дүниеге сәби әкеп, күн аязда емханаға жеткізілген ананың видеосы желіде тарап, қоғам наразылығын тудырған. Халық Ұлан-Батыр орталығына жиналып, қарсылық танытқан соң ақыры үкімет қызметтен кеткен.  


Хабарламаларға жазылу