Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

15.10.2020

Қырғызстан президенті отставкаға кетті. Мұндай шешімін Сооронбай Жээнбеков халыққа жасаған үндеуінде айтып өтті. Қазір ел астанасы Бішкекте қоғамдық-саяси жағдай әлі күрделі. Үкімет құрамы бекітіліп, республикадағы ахуал тұрақтала бастағанымен, жаңа сайланған премьер-минмистр Садыр Жапаров Президенттің тез арада отставкаға кетуін талап еткен. 

Қырғызстан президентінің өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты бұл лауазым Жогорку Кенештің төрағасына өтті. Қазір парламент спикері - Қанатбек Исаев. Оған 78 адам дауыс беріп, 2-еуі қарсы болған. Бүгін таңертең Кеңеш төрағасы Жээнбековті отставкаға кетпеуге шақырған болатын. Дегенмен, Парламент сайлауынан кейін ғана қызметтен кетемін деген Сооронбай Жээнбеков түс ауа шешімін түбегейлі өзгертіп отыр. 

ТӨЛҚҰЖАТЫ ЖОҚ БАЛАЛАР ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНАН ӨТЕ АЛМАЙДЫ

Қазақстан мен Қырғызстанның азаматтары үшін мемлекеттік шекарадан өту талаптары өзгерді. 20 қазаннан бастап қос елдің 16 жасқа дейінгі балаларынан туу туралы куәлік сұралмайды. Шекарадан өтерде ұлттық төлқұжат болу міндетті. Бұл әуе қатынасына да қатысты. Дегенмен осыған дейін Қазақстан немесе Қырғызстанға барып, өз еліне қайтамын дегендерге туу туралы куәлік әлі жарамды. Жаңа талап 5 күннен соң күшіне енеді.

Жазира Оразқызы

қырғызстан Сооронбай Жээнбеков отставка Бішкек

Хабарламаларға жазылу