Талдықорғанда жоғалған мектеп оқушылары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жоғалған мектеп оқушылары табылды

03.05.2014
Талдықорғанда жоғалған мектеп оқушылары табылды
4 тәулік бұрын Талдықорғанда жоғалған 14 жастағы Айдана Көжебаева мен оның 15 жастағы құрбысы Нарғыз Жолдасбаева табылды, деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.
 
«Оқушы қыздар бүгін түске дейін Алматыдан  табылды. Екеуі де дін аман. Қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Қыздардың айтуынша, олар Алматыны көру үшін Талдықорғаннан өз еріктерімен кетіп қалған», дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
 
 Талдықорғандағы мектептердің бірінде оқитын 8-ші және 9-шы сынып оқушылары 29 сәуірде жоғалып кеткен болатын.
 
Оқушыларды  іздеуге 200 полицей, 150-ге жуық әскери қызметкер, сыныптастары мен мұғалімдерінен құралған 200-ден аса еріктілер жұмылдырылған.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу