Ақтауда жоғалған сарбаз табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жоғалған сарбаз табылды

17.05.2022

Ақтауда жоғалған сарбаз табылды. Бағлан Әділбеков бүгін таңертең полиция бөліміне өзі келген. Алайда, оның қайда болғаны белгісіз. Осы оқиға қатысты қызметтік тексеру басталды. 66-56 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқанына 1 жыл болған сарбаз маусым айында үйіне қайтқалы отырған. Ол өткен сенбіде теңіз жағалауына қоғамдық қауіпсіздікті бақылау үшін барып, әскери бөлімге қайтып оралмаған.

Марат Рахманов, 66-56 әскери бөлімінің командирі:

Әділбеков Бағлан қазір әскери бөлімде. Ол теңіз жағасында болғанын айтады. Әскери бөлімнің ұжымына өкпе-реніші жоқ. Сарбаз ата-анасымен кездесті. Ата-анасының әскери бөлімге қояр талабы жоқ. Қызметтік тексеру тағайындалды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу