Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде

02.05.2014
Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде
Алматы облысында  жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 14 жастағы Айдана Көжебаева мен оның 15 жастағы құрбысы Нарғыз Жолдасбаева 29 сәуір күні жоғалып кеткен.
 
Олар Талдықорған орта мектебінде 8 және 9 сыныпта оқиды. Екеуін  соңғы рет балалар емханасынанан көрген.
 
Қазіргі таңда жоғалған екі оқушыны ата-аналары, достары және полиция қызметкерлері іздестіру үстінде. Олар оқушылардың суреттерін қала көшелеріне  ілді. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына интернет қолданушылары да қолұшын созып отыр.
 
«Қазіргі сәтте тәжірибелі қылмыстық іздеу қызметкерлерінен арнайы топ жасақталды. Полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастыруда», деді Талдықорған қаласының ІІБ басшысы Ерлан Сансызбай.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу