Жоғалған ұшақ табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған ұшақ табылды

24.03.2014
Жоғалған ұшақ табылды
Австралияның оңтүстік-шығысындағы Үнді мұхитынан табылған ұшақ қалдықтары малайзиялық әуе компанияның ұшағына тиесілі екені анықталды.
 
Бұл ақпаратты Малайзияның премьер-министрі нақтылады. 8 наурыз күні радарда ұшақтың соңғы көріну нүктесі австралиялық Перт қаласында тіркелген болатын.
 
Үкімет басшысының хабарлауынша, осыдан кейін ұшақ апатқа ұшырап, мұхитқа құлаған болуы керек. «Аман қалғандар жоқ. Біз марқұмдардың отбасыларына хабарладық»,-деді ол.
 
Еске сала кетейік, ұшақта 239 адам болған. 8 наурыздан бастап «Боингты» бірнеше ел іздеу шараларын жүргізген болатын.
 
Малайзия үкіметі толығырақ ақпаратты ертең баспасөз мәслихатында береді.

Хабарламаларға жазылу