Ақын Қайрат Жұмағалиевтың шығармашылығына арналған мүшәйра жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Қайрат Жұмағалиевтың шығармашылығына арналған мүшәйра жарияланды

03.05.2014
Ақын Қайрат Жұмағалиевтың шығармашылығына арналған мүшәйра жарияланды
Батыс Қазақстанда белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтың шығармашылығына арналған республикалық  «Армысың, айналайын, Ақ Жайығым!» атты   ақындар  мүшәйрасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Тұңғыш», «Жанар», «Айнамкөз», «Са­қара», «Шапағат», «Сәске», «Құбажон», «Жарық дүние» сынды жыр жинақтарын оқырман қауымға ұсынып, әлем әде­биетінің жауһарларын ана тілімізде сөй­леткен ақын Қайрат Жұмағалиев 2009 жылы Ақ Жайыққа оралып, өмірінің соңына дейін «Жайық Пресс» ЖШС­-ында қызмет істеді.
 
Айтулы ақынның әдеби мұрасын ке­ңінен насихаттау мақсатында аталмыш жыр бәйгесін «Жайық Пресс» ЖШС Батыс Қазақстан облыс­тық мәдениет, мұрағаттар және құ­жаттама басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
 
Мүшәйра тақырыптары:
1.«Қазақтың Қайраты» - ақын туралы өлең.
2.Ақ Жайық, Нарын құмы туралы өлеңдер.
3.Еркін тақырып.
 
Мүшәйраға жас ерекшелігіне қарамастан, еліміздің кез келген азаматы қатыса алады.
 
Мүшәйраға қатысушылар аталған тақырыпқа сәйкес бұрын еш жерде жарық көрмеген  үш өлеңін ұсынады. Авторлар өлеңдерінің электронды және қағаз түріндегі нұсқасына толық аты-жөндерін, өздері жөніндегі дерек-мәліметтерді қоса жазып, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсыруы қажет.
 
Жеңімпаз-жүлдегерлерге белгіленетін сыйақылар көлемі:
 
Бас жүлде - 100 мың теңге.
 
Жеңімпаз-жүлдегерлер дипломдармен, ақшалай, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 
Өлеңдерді мына мекенжайға жіберу қажет: 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1, 2-қабат. Байланыс телефондары: 51-25-80, 50-30-14.

Хабарламаларға жазылу