«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты онлайн-мүшәйра өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты онлайн-мүшәйра өтеді

15.02.2016
«Поэзия, менімен егіз бе едің?»  атты  онлайн-мүшәйра өтеді
«Поэзия, менімен егіз бе едің?»  атты  онлайн-мүшәйра өтеді

Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» бірлесіп «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасын өткізеді.

Бұл шара ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жас ақындардың жолын ашу және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан мүшәйраның басты мақсаты жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,жастардың патриоттық рухын ояту, бірлік пен ынтымақты сақтау,жастарымызға ұлы бабаларымыздың асқақ арманы - тәуелсіздік, ел мен жерді қорғау екенін ұғындыру болып отыр. Сонымен бірге, Қазақстан мен қазақ халқын, оның мәдениеті мен салтын насихаттау, бүгінгі жастарды әлемдік деңгейде сапалы білім алуға, сапалы интеллектуалдық кеңістікті меңгеруге шақыру да мүшәйраның алдына қойылған мұраттардың қатарынан саналады.

Онлайн-мүшәйраның қорытындысы күзге қарай шығарылады. Ал, құжаттарды қабылдау 2016 жылдың 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Мүшәйра жеңімпаздарына бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар беру көзделген. Шараға қатысу шарттары мен толық ақпарат «Әдебиет порталында» жарияланды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу