Фариза Оңғарсынованың 75 жылдығына арналған жабық мүшәйра жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фариза Оңғарсынованың 75 жылдығына арналған жабық мүшәйра жарияланды

17.09.2014
Фариза Оңғарсынованың 75 жылдығына арналған жабық мүшәйра жарияланды

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың 75 жылдығына орай, жас ақындар арасында  жабық мүшәйра жарияланды.

 «Жыр – менің жалғыз тарланым, аялап өтер ардағым!» атты республикалық жыр мүшәйрасына 35 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады.

Бұл туралы Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қойшығұл Жылқышиев хабарлады.  

Қатысушылар алғашқы кезең бойынша патриоттық тақырыптағы өлеңін немесе поэмасын жолдаса, екінші кезең ақынның шығармашылығы мен өміріне, әділдікті аңсаған арманын айғақтайтын жырларға арналмақшы.

Шығармалар 1-қарашаға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу