Жас ақындарға арналған мүшәйра жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ақындарға арналған мүшәйра жарияланды

02.08.2017

«Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» және «Мәңгілік ел – мұратым!». Осындай тақырыптар бойынша жас ақындар арасында мүшәйра өтеді. Оған қалам ұстаған 14-29 жас аралығындағы шайырлар қатыса алады. Байқаудың шарттары қарапайым: ақындар қыркүйектің 5-не дейін өтінімдермен қоса, тиісті тақырыпқа жазылған жыр-өлеңдерін тапсырады. Туындыларды әділқазылар електен өткізіп, жүзден жүйріктерді анықтайды. 1-орын – 300 мың теңге.

Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай 25 үздік жас ақынның тізімі түзіліп, 50 туынды жинақ болып жарыққа шығады. Бұл – жас ақындардың шығармашылық шыңдалуына және әдеби ортада танылуына жол ашпақ. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу