Оралда «Армысың, айналайын, Ақ Жайығым!» атты жыр мүшәйрасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Армысың, айналайын, Ақ Жайығым!» атты жыр мүшәйрасы өтті

06.12.2014
Оралда «Армысың, айналайын, Ақ Жайығым!» атты жыр мүшәйрасы өтті

Бүгін Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған республикалық «Армысың, айналайын, Ақ Жайығым!» атты жыр мүшәйрасын қорытындылау кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әдеби-музыкалық кеш ақын туралы бейнефильмнен басталды. Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Ақұштап Бақтыгереева, Айтқали Нәріков, Қойшығұл Жылқышиев, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин және белгілі әншілер Сағадат Рахметжанов, Еркін Өтегенов қатысты.

Өлең бәйгесіне 30-ға жуық үміткер қатысты. Бас жүлдені Талғат Мықи жеңіп алса, Назгүл Кәрімова 1-ші орынды иеленді. Ал, Сағынтай Бисенғалиев - екінші, Марлен Ғилымханов, Гүлімай Қуанышева, Айбар Ермекқалиев үшінші орыншы еншіледі. 

Хабарламаларға жазылу