«Таңшолпан». 26 шілдеде Астанада Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 26 шілдеде Астанада Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтеді (ВИДЕО)

25.07.2017

Бүгін белгілі күйші, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«1,5 жыл бойы демалыста болдым. Алатаудың бөктерінде ән мен күйге бөленіп жүрмін. Құр жүргенім жоқ, ән шығарып, кітап жазып жатырмын.

Күй - тек қана қазаққа тән өнер. Осы уақытқа дейін көбінесе күй шығарумен айналыстым. Ән туралы ұмыттым.

26 шілдеде Астанада «Көңіл толқыны» атты шығармашылық кешім өтеді. Сол кеште танымал әншілер ұмытылған және жаңа әндерімді орындайтын болады», - дейді студия қонағы.

Хабарламаларға жазылу