Астанада ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді
Бүгін Астанада жыл сайынғы ІІІ Франкофония жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Француз Альянсы хабарлады.
Бағдарламада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін франкофонияны дәріптейтін елдер мен француз компанияларының көрмелік стендтері, француз компанияларынан және брендтерінен сыйлықтар мен сертификаттар табысталатын байқаулар мен ойын-сауықтар, сондай-ақ, француз шараптарынан, ірімшік пен наннан дәм тату ұйымдастырылады.
Айта кету керек, Франкофония дипломатиялық жолмен саяси мақсаттарға қолжеткізуге ұмтылатын халықаралық ұйымның негізі. Франкофония халықаралық ұйымы франуз тілі мен мәдениетін дәріптейтін, тұтынатын әлемнің бес құрлығындағы мемлекеттерге ортақ деп саналады. Оған тек француз тілінде сөйлейтін елдер ғана емес, Румыния, Мысыр, сондай-ақ, бақылаушы ел - БАӘ қатысады.
Жыл сайын Қазақстандағы франкофонияны дәріптейтін елдер елшіліктерінің бірлесіп ұйымдастырумен алты қалада - Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, Қостанай, Өскеменде көркемөнер фестивалі өтеді.
Биыл жәрмеңке Астанада 29 наурызда «Ajar-Astana Mall» СОО атриумында 14.00-18.00 аралығында өтеді.
Сондай-ақ, 25-31 наурыз күндері сағат 19.00-де «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында француз киносының апталығы өтпек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05