Павлодарда «Даму» қоры тарапынан несиені субсидиялау бойынша 46 жоба мақұлданды
Павлодарда кәсіпкерлер қатары артуда. Биыл «Даму» қоры тарапынан несиені субсидиялау бойынша 46 жоба мақұлданды. Яғни, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 3 миллиард теңгеге жуық қаражат игеріледі.
Кәсіпкерлердің бастаған істерін жандандыруға белсенділігі артып келеді. Бұл - шағын және орта кәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан жүйелі түрде қаржылай көмек көрсетілуінің нәтижесі.
Ал, бизнесті енді бастағандарға тегін кеңес беріледі. Құжат толтыру, іс жүргізу жолдары үйретіледі. Бұл «Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында жүзеге асса, «Бизнес көмекші» бағдарламасы жас кәсіпкерлердің білімін жетілдіруге көмектеседі.
Болат АМАНБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия Пара ойындарының қатысушылары Жапонияға аттанды
12.10.2026, 17:23
Спортшыларға университет гранты берілді
12.10.2026, 17:22
Қазақстандық деректі фильмге халықаралық фестивальде жүлде берді
12.10.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 17:19
Мектептерде амандасу әдебі үйретіледі
12.10.2026, 17:17
Сарапшы: Адал азамат – әділетті қоғам негізі
12.10.2026, 17:15
Париждегі XVII ғасырғы базар өртеніп кетті
12.10.2026, 17:10
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді
12.10.2026, 17:09