Күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді

20.03.2014
Күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді
Ұлық мерекеге шашу ретінде 24 наурыз күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында домбырашы, күйші Секен Тұрысбековтің шығармашылық кеші өтеді.
 
Осыған орай Секен Тұрысбеков пен шәкірті Тимур Нұржанұлы «Таңшолпанға» келіп, жаңалықтарымен бөлісті.
 
«Кештің ерекшелігі сол – біз бұрын оркестрде орындалмаған тың дүниелерді алып шықпақпыз. Мысалы, ертеден келе жатқан «Бұлғын сусар», Әшімтайдың «Қоңырқазы», Мүкейдің «Қос басқан қоңыры», Ықыластың «Жезкиік» күйі, Жантөренің «Шалқымасы» сынды оркестрге төгіліп тұратын туындыларды орындамақпыз».
 
«Сондай-ақ, Гүлмира Саринаның орындауындағы «Ерке құсым», «Қоңырқаз», Клара Төленбаеваның орындауындағы «Асыл анам», «Көктемім, менің көктемім», Еркін Шүкіманның орындауындағы «Сонау күн қайда», «Айхай, заман» сынды бірқатар әндерім де осы кеште орындалмақ»,-дейді Секен Тұрысбеков.

Хабарламаларға жазылу