Күй өнерінің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына – 200 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күй өнерінің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына – 200 жыл

12.11.2015
Күй өнерінің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына – 200 жыл
Елордада қазақтың ұлы күйшілерінің бірі Тәттімбеттің туғанына 200 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.

Концертті Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Шығармашылық кешке Секен Тұрысбек, Мұхамеджан Тілеуханов, Жанғали Жүзбаев сынды күй өнерлерінің хас шеберлері қатысты.

Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шыншыл шешен, әділетті көксеген ақынжанды сері адам болған. Композитордың бізге белгілі 40-тан астам күйі бар. Соның ішінде шоқтығы биік туындыларының бірі - «Бес төре» күйі. Бұл әзілге толы туындыны күйші халықты жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған.

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙ

Хабарламаларға жазылу