Президент мұражайында Наурыз мейрамына орай балалар көрмесі өтеді
19 наурыз күні сағат 16.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде көктем мейрамына арналған «Наурыз» сәндік-қолданбалы өнер бойынша қалалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі және көрме өтеді.
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Елордалық жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың оқушыларының арасында жарияланған байқау балаларды көркемсурет мәдениетіне баулуға, дарынды балаларды анықтап, оқытушылардың шығармашылығын дәріптеуге бағытталған.
Қазылар алқасының назарына оқытушылар мен балалардың түрлі жанрдағы 100-ден астам еңбегі ұсынылды. Байқауға қатысушыларды ҚР Суретшілер одағының мүшелері және ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері бағалайды.
Көрменің ашылу салтанатында байқау жеңімпаздары марапатталады. Сонымен қатар, сәндік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныбы өтеді.
«Наурыз» көрмесіне келушілер қатысушылардың үздік еңбектерімен таныса алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44