Фроч Головкинмен жұдырықтасу үшін рингке қайта келуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фроч Головкинмен жұдырықтасу үшін рингке қайта келуі мүмкін

14.11.2016
Фроч Головкинмен жұдырықтасу үшін рингке қайта келуі мүмкін

Карл Фроч Геннадий Головкинмен жекпе-жек арқылы рингке қайта оралу мүмкіндіктерін қарастыруда, деп хабарлайды Sports.kz The Sun газетіне сілтеме жасап. 

39 жастағы «Кобра» 2014 жылы Джордж Гроувсты жеңгеннен кейін рингке шыққан жоқ. Фрочтың промоутері Эдди Хирн осы демалыста GGG промоутері Том Леффлермен кездесіп, Фрочтың жоспарлары туралы әңгімеледі.

«Әрине, Том қалжыңдады, бірақ, Карл «Головкин менімен қай салмақта жұдырықтасуы мүмкін?» деп сұрады. Мен 172 фунт деп жауап бердім, ал, Том 170 фунт екенін айтты. Карлдың қызығушылығы оянды. Мен Леффлердің оны қызықтыра түсетінін анық білемін. Мен оны қайтадан рингте көруге сенімді емеспін. Әйтсе де, ол - бәсекеге қабілетті боксшы. Фроч-Головкин жекпе-жегі ірі кездесулердің бірі болар еді және әлі де олардың кездесуі бек мүмкін», деді Эдди Хирн.

Хабарламаларға жазылу