Эрисланди Лара Головкинмен кездесуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эрисланди Лара Головкинмен кездесуге дайын

10.02.2014
Эрисланди Лара Головкинмен кездесуге дайын
WBA тұжырымының орта салмақ дәрежесіндегі  уақытша чемпионы, кубалық Эрисланди Лараның (19-1-2, 12 KO) менеджері Луис деКубас BoxingScene.com порталына берген сұхбатында өз боксшысының  WBA/IBO  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 29-0, 26 КО) жекпе-жекке шығу үшін  салмағын бір санат жоғары көтеруге   дайын екенін мәлімдеді.
 
Сенбі күні, Эрисланда Лара твиттердегі өз парақшасында Головкинді жекпе-жекке шақыратынын жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26-шы сәуірде, Madison Square Garden аренасында өткізеді.  Бұл кездесуді HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 
ДеКубастың айтуы бойынша, Эрисланди Лара жексенбі күні одан Головкинмен  жекпе-жекті ұйымдастыруын өтінген.
«Орта салмақтағы әлемнің мықты боксшылары Ларамен және Головкинмен жекпе-жекке шығудан тайсалады. Сондықтан бұл екеуін рингте неге жолықтырмасқа ?», - деді  ДеКубас.
 
Қос боксшының промоутерлері  - K2 мен Golden Boy арасында бұл жекпе-жекті өткізуге ешқандай кедергі жоқ. Тек HBO телеарнасы мен  Golden Boy промоутерлік компаниясы арасында 2013 жылдың басында  іскерлік байланыстың  үзілуі  бұл жекпе-жектің өтуіне кедергі болуы мүмкін.
 
Фото: allboxing.ru

Хабарламаларға жазылу