«Құрдастар шақырады жыр кешіне...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құрдастар шақырады жыр кешіне...»

13.03.2014
«Құрдастар шақырады жыр кешіне...»
Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық поэзиямызға сүбелі үлес қосып келе жатқан бір топ талант бар. Бір жылда туып, бір дәуірдің толқыны аталған сол таланттар «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
14 наурыз күні Жазушылар одағында өтетін «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші турасында жеті ақынның үшеуі – Әлібек Шегебай, Бекжан Әшірбаев және Мұратхан Шоқан өз ойларымен бөлісті.
 
 «Жетеуміздің бір кешті бірігіп өткізуімізге себеп – әдебиет әлемінде ақындар арасында ымыра жоқ, олар бақталас болғаны деген әңгімелер көп айтылды. Біздің барлығымыздың мүддеміз – әдебиеттің дамуына үлес қосу екенін көрсетіп, елдігімізді танытуды мақсат еттік»,-дейді ақын Бекжан Әшірбаев.
 
Атауы да, формасы да ерекше кеш иелері таңғы студияда көрермендеріне арнап өлең оқып, ән шырқады.

Хабарламаларға жазылу