«Көршінің қызы» әнінің авторы Бекжан Әшірбаев шығармашылық кешіне шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көршінің қызы» әнінің авторы Бекжан Әшірбаев шығармашылық кешіне шақырады

22.02.2015
«Көршінің қызы» әнінің авторы Бекжан Әшірбаев шығармашылық кешіне шақырады

«Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекжан Әшірбаевты ел ақын-композитор деп таниды. Оның жан-дүниесінен шыққан өлеңдері ән болып өріліп, тыңдарманның ықыласына бөленіп жүр.

«Көршінің қызын» білмейтін жан кемде-кем. Тоқтар Серіктің орындауындағы әсем ән ақынның алғашқы тырнақалды туындысы. Оның Жарылқасын Дәулеттің сөзіне жазылған Бекзат Әбілдиннің орындауын­дағы «Қызғалдақ», Саят Ме­деуовтың орындауындағы «Мұңай­ма, қалқам», Заттыбек Көпбосынұлының орын­дауындағы «Сені ойлап» әндері көпшіліктің көңілінен шыққан әуезді әндер.

Көрерменге ойлы өлеңдерімен қатар, сырлы ән сыйлап жүрген ақын, композитор Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық кешін бүгін 16.45-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу