Алматыда «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өтеді

03.03.2014
Алматыда «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өтеді
Алматыда 14 наурыз күні Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйінде»  «Жетпіс төрттің жеті ақыны» атты жыр кеші өтпек.
 
Кеш авторлары – Әлібек Шегебай, Талғат Ешенұлы, Бақытжан Алдияр, Бекжан Әшірбаев, Анар Шамшадинова, Мұратхан Шоқан, Руслан Нұрбай.
 
Жеті ақынның кешін М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бауыржан Жақып жүргізеді.
 
Кеш барысында «Жеті бояу» жыр жинағының тұсауы кесілмек.  Қолтаңбалары қалыптасып, өз бағыттарын тапқан, біріне бірі ұқсамайтын жеті ақын бір жылдың төлі болғандықтан, туындылары бір жинаққа топтасқан.
 
Поэзия кешіне қазақ эстрадасының жұлдыздары да қатысады.

Хабарламаларға жазылу