«Шал» фильмі «Ника» жүлдесіне ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шал» фильмі «Ника» жүлдесіне ұсынылды

11.03.2014
«Шал» фильмі «Ника» жүлдесіне ұсынылды
Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі «Ника» атты кинематографистер жүлдесінің «ТМД және Балтық жағалауы елдері арасындағы үздік фильм» категориясы бойынша 2013 жылғы номинанттары қатарында. Арнайы жүлделердің лауреаттары мен номинанттары 2014 жылдың 4 наурызында белгілі болды.
 
«Шалмен» қатар бұл жүлдеге ТМД және Балтық жағалауы елдерінен тағы төрт туынды бар: режиссер Иварс Селецкистің «Капитализм на Поперечной улице» (Латвия), Темир Бирназаровтың «Страсть» (Қырғыз Республикасы), Ахтем Сейтаблаевтың «Хайтарма» (Украина) және Аудрюс Юзенастың «Экскурсантка» (Литва) фильмдері.   
 
«Ника» киножүлдесі 2003 жылы өткен 16-шы рәсімінен бері жыл сайын беріледі. Айта кету керек, бұған дейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» өнімдері - Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған», Рүстем Әбдірашовтың «Остров возрождения» және «Сталинге сыйлық», Жаңабек Жетіруовтың «Записки путевого обходчика», Абай Кұлбайдың «Стриж», Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» картиналары ұсынылған.
 

Алайда «Ника» жүлдесі 2005 жылы Серік Апрымовтың «Аңшы»  фильміне ғана бұйырды.

Хабарламаларға жазылу