«Тар заман» фильмі «Тұлпар» ұлттық жүлдесіне ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тар заман» фильмі «Тұлпар» ұлттық жүлдесіне ұсынылды

18.09.2018

Бүгін алматылық киносүйер қауым назарына Ұлттық арнаның төл туындысы «Тар заман» фильмі ұсынылды. Кинотуынды «Тұлпар» ұлттық жүлдесінің аясында көрермендерге тегін көрсетілді. Айта кетейік, «Тұлпар» жүлдесіне биыл  ең үздік отандық 11 туынды іріктелген. Соның ішінде, «Тар заман» киносы телеарна түсірген жалғыз өнім. Фильмде Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірі суреттелген. Басты кейіпкер Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық өмірі көрсетілген. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шешімдермен өріледі.Қазақ даласының Ақпан төңкерісін қалай қабылдап, Қазан төңкерісінен кейін неге екіге бөлінгені оқиғаға арқау болады. 

Балтабай Сейітмамыт, актер:

- Бұл фильм осы өсіп келе жатқан ұрпаққа арналып жасалған дүние. Біз көрген жоқпыз, бірақ біздің әкелеріміз тар заманның қандай болғанын, аштықтың қандай болғанын, 37-ші жылғы репрессияның қандай болғанын көрді. Шет жағасын айтып отыратын. Бірақ, ашық айтпайтын, қорқатын.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу