Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

09.08.2015
Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» атты жаңа туындысының әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында Торонтода өтетін  «Toronto International Film Festival» халықаралық кинофестивалінде халық назарына ұсынылады. Фильм продюсері Қанат Төребайдың айтуынша, картина авторлары Кинематографиялық өнер және ғылым академиясының жүлдесіне таласпақ ниетте.

«Жат» фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған. Фильм өткен ғасырдың 30-шы жылдары кішкентай кезінде тауға кетіп, бүгінге дейін сонда өмір сүріп келе жатқан адамның тағдырын баяндайды.

Фильм режиссері Ермек Тұрсыновтың сөзінше, ол бұл сценарийді осыдан 25 жыл бұрын дипломдық жұмыс ретінде жазған.

Картинаның қоюшы-операторы – Мұрат Әлиев, композиторы – Қуат Шілдебаев, қоюшы-суретшісі - Александр Ророкин.

Басты рөлдерде: Ержан Нұрымбет («Келін», «Меч победы»), Элина Абайкызы («Курманжан Датка»), Қуандық Қыстықбаев («Келін», «Семь майских дней»), Александр Карпов («Вий 3D», «Мужской сезон: Бархатная революция»), Роза Хайруллина («Орда», «Иван Грозный»), Ерболат Тоғызақов («Шал», «Сказ о розовом зайце», «Лотерея»).

2010 жылы Е.Тұрсыновтың «Келін»    америкалық киноакадемияның таңдауымен «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» аталымы бойынша Оскар жүлдесіне үміткерлер қатарындағы шорт-парақшаға іліккен еді. 2013 жылы Қазақстан атынан Оскарға «Шал» фильмі ұсынылды.

Хабарламаларға жазылу