Эстонияда Қазақ киносының күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстонияда Қазақ киносының күндері өтті

18.09.2014
Эстонияда Қазақ киносының күндері өтті

Таллиндағы ҚР Консулдығының ұйымдастыруымен Эстонияда қазақ киносының күндері өтті.

«Таллиндағы «Артис» кинотеатрында эстондық көрермендерге соңғы жылдары Қазақстанда түсірілген түрлі жанрдағы фильмдердің бағдарламасы ұсынылды», - деп хабарлады www.strategy2050.kz

Шара «Киношок» кинофестивалінің басты жүлдесіне ие болған, режиссер Е.Тұрсыновтың «Шал» фильмімен ашылды. Сонымен қатар, көрермендердің назарына «Елбасы жолы» киноэпопеясынан «Темір тау», «Жалынды өзен»  ұсынылды. Фильмді атақты актриса Наталья Орынбасарова таныстырды.

Сонымен бірге, С.Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» драмасы, Д.Өмірбаевтың «Студент» фильмі, А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» картинасы, сондай-ақ, бірінші ұлттық толық метражды «Ер Төстік» анимациялық фильмі көрермендердің үлкен ықыласына бөленді.

Хабарламаларға жазылу