Ұлттық арнаның тапсырысымен түсірілген «Қармен жуылған қан» фильмі «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаның тапсырысымен түсірілген «Қармен жуылған қан» фильмі «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылды

23.07.2017
Ұлттық арнаның тапсырысымен түсірілген «Қармен жуылған қан» фильмі «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Қармен жуылған қан» («АЛЖИР») фильмі отандық кинематографтарға арналған «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылды. Көрсетілім елордада өтіп жатқан XIII «Еуразия» кинофестивалінің аясында өтеді.

Фильмде «халық жауы» атанған ел жайсаңдарының жұбайлары мен балаларының «АЛЖИР» лагерінде ажалмен арпалысып өткен өмірі мен тауқыметті тағдыры баяндалады. Туындының тұсаукесері Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай мамыр айында өткен болатын. Қоюшы-режиссері  Әнуар Райбаев, продюсері Рашит Аманжолов.  

Жүлдеге қазақстандық 14 картина ұсынылды. Конкурс жүлдесі қыркүйек айында Алматыда табысталады.

Көрсетілім уақыты: 25 шілде, сағат 19:00-де (Chaplin MEGA Silk Way).

Хабарламаларға жазылу