«The New York Times» 161 жыл бұрынғы материалдың қатесін тапты
Америкалық «The New York Times» басылымы осыдан 161 жыл бұрын жарық көрген газет материалының қатесін тапты. Басылымның сайтында 4 наурыз күні «Адам ұрлауға қатысты оқиға. Соломон Нортуптың жоғалып, табылуының тарихы» (The Kidnapping Case. Narrative of the Seizure and Recovery of Solomon Northup) атты мақаладағы бұрыс ақпарды анықтаған материал жарық көрді.
1823 жылдың 20 қаңтарындағы Соломон Нортуп туралы айтылған материалда (160 жыл өткен соң оның естеліктер кітабы «12 жыл құлдықта» фильміне арқау болған еді) Нортуптың есімі қате жазылған көрінеді.
«The New York Times» басылымы қызметкерлерінің айтуынша, қате материалдың тақырыбында кеткен. Онда бас кейіпкердің есімі «Northrup» деп берілген, ал мәтіннің кейбір жерлерінде «Northrop» деп те жазылған. Негізінде бас кейіпкердің есімі ағылшын тілінде «r» әріпінсіз – «Northup» деп жазылады.
161 жыл бұрынғы материалдың қателігін Ребекка Склут атты «Twitter» әлеуметтік желісін пайдаланушы байқаған. Ол өз парақшасында: «1853 жылы жарық көрген газет материалының түпнұсқасында Соломон Нортуптың есімі тақырып пен мәтінде екі түрлі берілген», деп жазады.
Ребекки Склут Соломон Нортуптың оқиғасына 2 наурыз күні Лос-Анджелесте өткен 86-шы «Оскар» киножүлдесін беру рәсімінен соң назар салған.
Марапаттау рәсімінде режиссер Стив Маккуинның «12 жыл құлдықта» фильмі 2013 жылдың үздік фильмі атанған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиаданың алтыншы күні өтіп жатыр
13.02.2026, 17:37
«Таза Қазақстан» экомәдениетті қалыптастырып келеді
13.02.2026, 17:35
Ақтауда шұғыл медициналық жәрдем станциясы іске қосылды
13.02.2026, 17:31
БҚО-да 11 айлық сәби шетінеп кетті
13.02.2026, 17:29
Қаңтардағы ҰБТ-ға 184 мың талапкер қатысты
13.02.2026, 17:27
«Дос болайық!»: Буллингке қарсы сынып сағаттары өте бастады
13.02.2026, 17:24
Ресейде коммуналдық төлем екі есе қымбаттады
13.02.2026, 17:21
«Қазгидромет» суперкомпьютерді іске қосты
13.02.2026, 17:18