Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы теннис турнирін жеңіспен бастады.
20 жастағы Зарина Диас бұл турнирдің бірінші ракеткасы саналады. Ол алғашқы айналымда қытай қызы Яфань Ванды 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Айта кету керек, WTA рейтингінде Зарина Диас 118-ші, ал 19 жастағы қытайлық теннисші 353-ші орында тұр.
Екінші айналымда Зарина Диас тағы бір қытайлық теннисшімен кездеседі. 16 жастағы Шилинь Сюдің рейтингтегі орны – 553.
Айта кету керек, бұл турнирде бұған дейін Қазақстан атынан жарысқа қатысқан ресейлік Ксения Первак та алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Ол жарыстың төртінші ракеткасы саналатын өзбекстандық Сабина Шариповамен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05