Прагада дзюздодан халықаралық турнир аяқталды
Дзюдодан Прагада өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші жарыс күнінде қазақстандық Әділхан Қозыбаев қола жүлдегер атанды.
Кіші финалда 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Қозыбаев Қырғызстан палуаны Шыңғыс Мәмедовті жеңді.
Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Ержан Шынкеев (+100 келі) қола медаль үшін күресте Моңғолия палуаны Дууренбаяр Ользибаярдан ұтылып, 5-і орынға табан тіреді.
Осылайша, Чехия төрінде аяқталған «European Open» турнирінде Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті. Алғашқы жарыс күнінде 60 келіде сынға түсетін Айбек Имашев алтын, Ғұмар Қырғызбаев қола медаль жеңіп алған еді.
Өкінішке қарай, Варшавада өткен қыздар арасындағы «European Open» турнирінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары жүлдеге іліге алған жоқ, деп хабарлайды confederation.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30