Бүгін «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталмақ
Бүгін Әлемдегі басты кино оқиғаларының бірі «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. 86-шы рет өткелі отырған салтанатты жиынды 55 жастағы танымал тележүргізуші, әрі актриса Эллен Дедженерес жүргізеді.
Марапаттау салтанаты Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының өтуіне байланысты наурыздың алғашқы жексенбісіне шегерілді. Әдетте, бұл шара ақпан айының соңғы жексенбісінде өтетін еді.
«Оскар» 2014 киножүлдесінде «Жылдың үздік фильмі» байқауында келесі фильмдер бақтарын сынайтын болады: «Құлдықтағы 12 жыл», «Америкалық сергелдең», «Капитан Филлипс», «Гравитация», «Небраска», «Филомена», «Уолл-стрит қасқыры», «Далластық сатып алушылар клубы» және «Оныкі» атты туынды.
Шетел тіліндегі ең үздік фильмдер аталымына Бельгияның «Үзілген үміттің жалғауы», Италияның «Асқақ сұлулық» атты туындысы, даниялық режиссер Томас Винтербергтің «Аңшылық» лентасы, сондай-ақ, француз тілінде түсірілген «Жоғалған Аватар» Камбоджаның деректі фильмі және палестиналық Хани Абу Ассадтың «Омар» атты көркем туындысы төрешілердің назарына ұсынылмақ.
Бұдан бұрын «Омар» шығармасы Канндағы фильмдер байқауында төрешілердің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11