Бүгін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

22.11.2022

Бүгін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған тізім эстрада, әдебиет, театр және кино, спорт, ғылым секілді он номинациядан тұрады. 2022 жылға арналған сыйлық мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңге. Жастар сыйлығынан Ұлттық арна да, құр алақан емес. Журналистика саласы бойынша әріптесіміз, жаңалықтардың жүргізушісі Шерхан Жамбылұлы «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды. Әріптесімді өзімнің және ұжымның атынан шын жүректен құттықтаймын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу