«Дарын» жастар сыйлығының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дарын» жастар сыйлығының иегерлері анықталды

27.11.2019
«Дарын» жастар сыйлығының иегерлері анықталды

2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы Үкімет қаулысы жарияланды. Бұл сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға табыс етілмек. Жеңімпаздарға 600 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі.

«Дарын» жастар сыйлығын алғандардың тізімі:

«Эстрада» номинациясы бойынша:

Макин Әділхан Құрманғалиұлы - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынің 3-курс студенті;

Айтімбай Марат Төреханұлы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымынің солисі;

«Классикалық музыка» номинациясы бойынша:

Мұсахан Данара Ерұланқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) 

Жамбаев Әзімбек Қалдыбекұлы - Қазақ ұлттық өнер университетінің 1-курс магистранты;

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша:

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы - айтыскер ақын;

Сатыбалдиев Жарас Болатұлы - Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясынің әртісі, дирижер;

«Әдебиет» номинациясы бойынша:

Байбұланова Жадыра Төкенқызы - «Хабар 24» телеарнасының редакторы; 

Смағұлов Бекзат Болатжанұлы - Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы;

«Театр және кино» номинациясы бойынша:

Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрынің актрисасы;

Өтепберген Аян Өмірәлі - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының актері;

«Спорт» номинациясы бойынша:

Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы - 2019 жылғы әлем чемпионатының, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері;

Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан құрамасының капитаны;

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша:

Жүзбай Айжан Қуанышәліқызы - «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер, «Қазақ сән қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті;

Мүсіреп Сырым Еламанұлы - Қазақ ұлттық өнер университетінің 4-курс студенті;

«Журналистика» номинациясы бойынша:

Түсіпов Мырзабек Нағашыбекұлы - «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы;

Тасқалиев Айбек Серікұлы - «Ақтөбе» газетінің тілшісі;

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша:

Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы;

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы - «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті; 

«Ғылым» номинациясы бойынша:

Нұрлан Қанат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілінің бағыты бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымын Н.Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері;

Ерланұлы Ерасыл - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика-техникалық факультетінің 2-курс студенті;

Хабарламаларға жазылу