«Таңшолпан». «Оскар» сыйлығының жас иегерлері туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Оскар» сыйлығының жас иегерлері туралы не білесіз? (ВИДЕО)

20.07.2017

1929 жылдан бері кино саласының үздіктеріне табысталып келе жатқан «Оскар» сыйлығы қазір де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Жыл сайын марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, әлемге әйгілі киножұлдыздары қызыл кілеммен жүріп өтеді. Бұл да кез келген әртіске бұйыра бермейтін бақ.

Осы «Оскар» сыйлығына қатысты қызықты деректер туралы не білесіз?

1937 жылы әйгілі мультипликатор Уолт Дисней марапаттау рәсімі кезінде күлкісін тыя алмады. Себебі ұйымдастырушылар оған кәдімгі «Оскар» сыйлығымен қоса 7 кішкентай Оскар мүсіншесін табыс етті. Бұл атақты аниматордың «Қарша қыз бен 7 ергежейлі» мультфильмі үшін берілген болатын. Оған қоса Уолт Дисней 59 рет «Оскар» сыйлығына ұсынылып, оның 26 жеңіп алған.

Танымал актер Джек Пэланс 73 жасында «Оскар» сыйлығын ұтып алды. Қатты қуанған ол марапаттау кезінде өзінің әлі де бабында екенін көрсетті.

«Оскар» сыйлығын иеленген балаларға тоқталсақ, 1974 жылы Татум О'Нил кино саласындағы ең жоғары марапатқа ие болды. Ол кезде не бәрі 9 жаста еді. Анна Пэкуин де әлемді мойындатқан дарынды балалардың қатарында. 1994 жылы 11 жасында «Оскар» сыйлығын еншілеген ол  кездегі кішкентай талантты актриса 5 мың қарсыласын шаң қаптырды.

Хабарламаларға жазылу