«Нұр Сұңқар» сыйлығының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Сұңқар» сыйлығының иегерлері анықталды

10.07.2019

«Nur Otan» партиясы өзінің журналистерге арналған ең ірі жобасын өткізді. Журналистер арасында ұйымдастырылатын «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары анықталды. Салтанатты шарада 10 аталым бойынша үздік деп танылған 13 журналист ерекше құрметке бөленді. Олардың ішінде біздің «Qazaqstan» Ұлттық арнасының тілшісі Айбек Қобдабай да бар.

 

«Нұр Сұңқар» байқауының өткізіліп келе жатқанына биыл - 10 жыл. Осы уақыт аралығында 100-ден астам журналист түрлі аталым бойынша жеңімпаз атанды. «Жалпы журналист қауымы халық пен мемлекет арасында дәнекер бола жүріп, түйіткілді мәселелердің шешімін табуына ықпал етеді. Бұл орайда қазақ журналистерінің еңбегі ерен»,- деді партия өкілі.

 

Байқауға 207 үміткер қатысыпты. Мыңға жуық жұмысты саралай келе, 13 журналист іріктеліп ең үздік деп танылды. Елбасы қызметін ерекше жазған жарияланым, партиялық жобалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттаушы материалдардың авторлары марапатталды. Ал отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілетін «Майталман» атағы нағыз майталманға бұйырды.

 

Ал сөзі мірдің оғындай Айбек Қобдабай «Халық дауысы» аталымын жеңіп алды. Qazaqstan телеарнасында 15 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан қаламы ұшқыр журналисттің Елбасы туралы жасаған «Аңыз адам» атты бағдарламасы көптің көңілінен шығыпты.

 

Мұнан басқа «Сөз зергері», «Жас серпіліс», «Точка зрения», «Мастер слова», «Медиа профи» сынды аталымдар бойынша ең мықтыларға сый-сияпат жасалды. Кәсіби журналистиканы дамытуға, қоғамды жедел әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге қосқан үлестерін айтып, ерекше қошеметке бөледі.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу