Төртінші мұнай өңдеу зауытының қай жерде салынатыны айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төртінші мұнай өңдеу зауытының қай жерде салынатыны айтылды

27.02.2014
Төртінші мұнай өңдеу зауытының қай жерде салынатыны айтылды
Төртінші мұнай өңдеу зауытының салынатын орны бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
 
«Аталған мәселе бойынша Елбасы тиісті тапсырма берді. Негізі мұнай өңдеу зауыты тұтынушылар көп шоғырланған жерде орналасуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі кезде осы бағытта сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», -деді басқарма төрағасы.
 
Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2016 жылы еліміздегі қолданыстағы үш мұнай зауытын жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы биылғы жылғы Жолдауында 2014 жылдың І тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом станциясы құрылысының мерзімін анықтауды тапсырған болатын.

Хабарламаларға жазылу