Б. Ақшолақов: Елімізде жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б. Ақшолақов: Елімізде жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өспейді

05.09.2022

Елімізде жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өспейді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов 180 күнге арналған бірлескен бұйрыққа қол қойылғанын айтты. Жыл соңына дейін баға тұрақты болады, - дейді министр. Екі жыл бұрын Ресей мен Қазақстандағы баға айырмашылығы 60-80 теңге болған. Ал Қырғыз Республикасымен тіпті бірдей еді. Кейінгі екі жылда екі есе айырмашылық бар. Министр елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты да пікір білдірді. Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндіріс қуатын кеңейту қарастырылып жатыр. Себебі, Шымкент зауытының қуаты кезінде 12 млн тоннаға дейін жетеді деп жоспарланған еді. Бірақ жобаның қашан қолға алынатыны әзір белгісіз.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Бағаның үлкен өсуін ешкім жоспарлап жатқан жоқ. Ішкі нарыққа жеткілікті жанар-жағармай шығарылып жатыр. Ол тұтынушылардың барлығына жетеді. Артық та болуы мүмкін. Бізде транзиттік транспорт көп өтеді. Сонда да бізге жеткілікті болып тұр өзімізде шығарылатын өнімдер.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу