Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынбайтын болды
Елбасы елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салмай-ақ, оның орнына Шымкенттегі зауытты кеңейту туралы Үкіметтің ұсынысына қолдау білдірді.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Естеріңізде болса, Елбасы Қазақстандағы үш мұнай зауытының шығаратын өнімі еліміздің жағармайға деген қажеттілігінің тек 70 пайызын қамти алатынын, сондықтан төртінші зауыт салу мәселесін қарастыруды айтқан болатын.
Вице-министр қолдағы бар зауыттар жөнделіп жатқанын, 2016 жылға қарай әрқайсысы 18,5 миллион тонна сұйық отын өндіре алатынын айтты.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19