Жанар-жағармай бағасы сәуірде қымбаттамайды
Сәуір айында жанар-жағармай құны қымбаттамайды. Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қырғыз Республикасы мен Ресейдегі бензин бағасының көтерілуі бізге әсер етпейді.
Себебі, елдегі мұнай зауыттары бар қарқынмен жұмыс істеп тұр және Ресейден қажетті жанармай көлемі уақтылы тасымалдануда. Сондықтан, бензин бағасын жыл ортасына дейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік бар деді Ұзақбай Қарабалин.
Сонымен қатар, Мұнай және газ министрі елімізде салынатын төртінші мұнай зауытының қай аймақта бой көтеретіні әзірге белгісіз дейді. Зауыт құрылысына қатысты нақты шешім жуық арада қабылданбақ.
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:
Төртінші зауыттың бірнеше нұсқалары бар. Шешімін жақын арада айтамыз.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12