Пингвиндердің ең ірісі – император пингвині
Пингвиндердің ішіндегі ең ірісі – император пингвині. Бойы – 1 метр, салмағы – 30 келіге тең. Осыған қарамастан, ол теңізде еркін жүзе алады. Антарктика олар үшін ең жайлы мекен. Өйткені, мұнда пингвиндерге қауіп жоқ. Бірақ, ең қиыны – суыққа шыдау керек.
Император пингвиндері небір аяздарға төтеп бере алады. Осы суыққа шыдау үшін олар артық салмақ жинайды. Алайда, артық салмақтың әсерінен жүру де қиындайды. Күн ұзаққа мұз үстінде жүре берсе, аяқтары үсіп қалар еді. Мұндай жағдайда бұл пингвиндер өкшелерімен де жүреді.
Бір қызығы, балапан пингвинге әкесі «қарайды». Аналық пингвин жұмыртқа тапқаннан кейін оны әкесіне тапсырады. Жұмыртқаны суыққа шалдырмай, балапан жарып шыққанша қарау, жетілдіру әке пингвиннің мойнында. Және тағы бір қызық, аналық пингвин жұмыртқа тапқаннан кейін 150 күн аш жүре береді екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30