«Toyota» компаниясы 2017 жылға дейін Австралияда көлік және қозғалтқыштар өндіруді тоқтатпақ. Мұның салдарынан елде мыңнан аса жұмыс орны жабылады, деп хабарлайды BBC.
Жапондық компания өкілі мұны шығындардың көбеюімен және нарықтағы бәсекелестіктің күшеюімен байланыстыруда.
Елдің премьер-министрі Тони Эбботт компанияға жоспарын өзгертуді ұсынды. Егер «Toyota» компаниясы Австралиядан кететін болса, бұл елде машина жасау өндірісі тоқырайды.
Себебі өткен жылы америкалық «General Motors» және «Ford» компаниялары Австралияда машина жасауды тоқтату туралы жоспарын жариялаған еді.