«Kia» компаниясы өзінің алғашқы гибридті кроссоверін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kia» компаниясы өзінің алғашқы гибридті кроссоверін көрсетті

14.02.2016
«Kia» компаниясы өзінің алғашқы гибридті кроссоверін көрсетті

«Kia» компаниясы Чикаго (АҚШ) автосолонында өзінің алғашқы гибридті кроссоверін таныстырды. Жаңа көлік «Niro» деп аталады. Осы жылы сатылымға шығатын бұл кроссовер әлемдік нарықта «Toyota Prius» көлігіне бәсекелес болмақ.

Көлік дизайны 2013 жылы Франкфурт (Германия) автосолонында көрсетілген «Niro» концептіне ұқсайды.

Жаңа кроссоверде төрт цилиндрі бар 1,6 литрлі бензин мотор және электрқозғалтқыш орнатылған. Көліктің жалпы қуаты - 146 ат күші.

Айта кетейік, «Kia Niro» көлігі компанияның еуропада орналасқан бөлімшесінде жасалған. 

Хабарламаларға жазылу