«Honda» компаниясы қауіпсіздік жастығына байланысты 4,5 миллион автокөлікті зауытқа қайтармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Honda» компаниясы қауіпсіздік жастығына байланысты 4,5 миллион автокөлікті зауытқа қайтармақ

11.07.2015
«Honda» компаниясы қауіпсіздік жастығына байланысты 4,5 миллион автокөлікті зауытқа қайтармақ

Компанияның мәлімдеуінше, ақау қауіпсіздік жастықтарын жасайтын «Takata» жүйесінен шыққан. Бұл жүйе «Toyota Motor Corp.», «Nissan Motor Co.», «Honda» мен «General Motors» компанияларының көліктеріне орнатылған.

Сарапшылардың айтуынша, «Takata» компаниясының қауіпсіздік жастықтарындағы ауа айдағышындағы ақау салдарынан олар адамды металл бөлшектерімен «атуы» мүмкін. Сондықтан соққы кезінде көлік ішіне металлдың ұсақ фрагменттері кіріп кетеді. Осы уақытқа дейін осы ақау үшін кем дегенде сегіз адам қайтыс болған.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында «Takata» компаниясы АҚШ-та жасалған 34 миллионға жуық көлікте қаіпсіздік жастығында ақау бар екенін мойындаған.

Хабарламаларға жазылу