Астанада шетелдік үздік инвесторлар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шетелдік үздік инвесторлар анықталды

09.12.2015
Астанада шетелдік үздік инвесторлар анықталды

Индустрияландыру картасына ерекше үлес қосқан, инвестициялық қызметін кеңейткен және жоғары технологиялық өндірісті дамытқан үздік 10 компания анықталды.

Салтанатты жиын ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің, сонымен бірге шетелдік инвесторлардың, шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларының және іскер топ ұйымдары мен қауымдастықтардың қатысуымен өтті.

2005 жылдан 2015 жылдың бірінші жартысына дейінгі аралықта Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 215 млрд.долларды еңсерді. 2016 жылдан барлық инвесторлар үшін «бір терезе» қағидасы жұмыс істейді. Барлық 363 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін, мемлекет талап ететін барлық рұқсаттарды инвесторлар енді бір жерден алады.

 «Инвестициялық белсенділіктері үшін біздің инвесторларды марапаттау рәсімін осымен үшінші рет өткізіп отырмыз. Бұл жақсы дәстүрге айналып келеді» - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Осылайша, 2015 жылдың ең үздік шетелдік инвесторлары болып: - «Tikkurila» фин компаниясы (Алматы облысындағы лак және бояу материалдары өндірісі), Жапонияның «Toyota Tsusho Corporation» компаниясы (Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтті),  Түріктің «Anadolu Beverage Group компаниясы (Coca-Cola Icecek)» (Астана қаласындағы алкогольсіз ішімдіктер өндірісі), Түркияның «BTM Group» компаниясы (Алматы облысындағы құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс), Түркияның «Abdi Ibrahim» компаниясы (Алматы облысындағы фармацевтикалық өндіріс орны), «Rio Tinto Mining and Exploration Ltd» австралиялық-брианиялық концерн (Қарағанды облысындағы Қорғантас және Балқаш-Сарышаған алаңы учаскесінде мыс кеніштерін барлайды),  АҚШ-тың «Halliburton International Gmbh» компаниясы (Қарағанды облысында барит концентратын өндіреді), Францияның «Danone» компаниясы (Алматы облысында сүт өнімдерін өндіреді), Кореяның «Lotte Group» компаниясы (ОҚО вафли, печенье, крекер шығаратын фабриканың құрылысы), Кореяның «Daedong Industrial Co.,LTD» компаниясы (ОҚО трактор шығаратын өндіріс орны) анықталды, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу