Астана театрында «Мұқағали» қойылымы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана театрында «Мұқағали» қойылымы болады

07.02.2014
Астана театрында «Мұқағали» қойылымы болады
9 ақпан қазақ поэзиясы үшін айтулы күн. Себебі, ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні.
 
10 жылдан бері көрермен көзайымы болған «Мұқағали» спектаклі сенбі күні Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында ұсынылмақ.
 
Сол қойылымда Мұқағалиды сомдаған актер Жанқалдыбек Төленбаев: «Авторы Серік Тұрғынбековтен туынды туралы сұрағанымда, ол: «Мен өзіңді осы театрдың бір қойылымынан көрдім. Содан менің Мұқағалиға ұқсас кейіпкерім табылды деп, осы пьесаны жаздым. Сенің түр-тұлғаңда, бет-пішініңде Мұқаңа ұқсастық бар», деген еді»,-дейді актер.
 
Сонымен қатар, Жанқалдыбек Төленбаев: «Біз бұл қойылыммен, Өзбекстанға, Қырғыз Республикасына, Башқұртстанға да бардық. Барлық жерде Мұқағалиға, қойылымға деген ықылас ерекше»,-дейді.
 
Жанқалдыбек Төленбаевтың Мұқағали рөліндегі шеберлігін «Таңшолпанның» арнайы сюжетінен көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу